Ақтөбе қаласының №3 соты орамал таққан қыздарды мектепке кіргізбеген директордың ісі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Халықаралық шарттарға қайшы келмейді деп шешті, -деп жазады Ақтөбе облыстық сотының ресми сайты.
Сот аталған істі тек қана мектеп формасының талаптарын белгілейді деп есептеп, дін ұстау бостандық құқығына қысым жасалмаған деп шешті. Бірақ шешім әлі заңдық күшіне енген жоқ, -деп жазылған хабарламады.
Орта мектептің 3,6 және 7 сынып оқушылары орамал тағып, мектеп формасына қойылатын талаптарын сақтамаған деп, сабақтарына қатысуға тыйым салынған. Балалардың ата-анасы мектеп директорының осы іс-әрекетін заңсыз деп есептеп, сотқа шағымданған. Себебі оқушылар мектеп формасына қойылған талаптарды сақтаған.
Шағымданушылардың талап-арыздары бойынша, «Жауапкер орта мектеп директорына осы мектепте оқып жүрген балаларын сабақтарға қатыстырмау бойынша іс-әрекетін, орта мектеп Жарғысының 92 тармағы мен аталған мектептің ішкі тәртіп Ережелерінің 4.8.11 тармағын заңсыз әрі Қазақстан Республикасы Конституциясына, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактісіне, бала құқықтары туралы Конвенциясына, білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы Конвенциясына қайшы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды» -деп сайтта баяндалған.
Алайда сот, талап қоюшылардың талаптарын қанағаттандырусыз қалдырды. Өйткені орта мектеп әкімшілігінің іс-әрекеттері, Жарғы мен мектептің ішкі тәртіп Ережелерінің нормалары, орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы Білім Министрлігінің бұйрығын орындауға байланысты, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Халықаралық шарттарға қайшы келмейді, тек қана мектеп формасының талаптарын белгілейді деп есептеп, дін ұстау бостандық құқығына қысым жасалмаған деп шешті.
arasha.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024