12-02-21 |
920 рет қаралған
Шахаровтың уәдесі: Ақтөбеде ереуілге шыққан жүргізушілер қала әкімімен кездескеннен кейін тарап кетті.
Шахаровтың уәдесі: Ақтөбеде ереуілге шыққан жүргізушілер қала әкімімен кездескеннен кейін тарап кетті

«Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС мекеменіне тиесілі 19 бағытқа қатынайтын қоғамдық көлік жүргізушілері ереуілге шықты. Қала іргесіндегі 7 ауыл мен қала ішіндегі қатынасты қамтамасыз ететін автобус жүргізушілері бірнеше сағатқа жұмысты тоқтатты.

12 ақпан күні таңғы сағат 5-те басталған наразылық шарасы кезінде 90 автобус жұмысқа шықпай қалған. Үш сағаттан аса уақытқа созылған ереуіл кезінде Қызылжар, Россовхоз, Ақшат, Қурайлы, Рауан ауылдарына жүретін автобустар тоқтады.

Жұмысшылар мекеме басшысы жалақы көтерілмейтіні туралы айтқаннан кейін ғана осылай шу шығарғандарын айтты.

«Біз жалақы көтеруді сұраймыз. Жүргізушілерге жалақы уақытында төленбейді. Сынған техниканы  өз ақшамызға жасатамыз. Бұзылған жерді жөндемесек, автобусты тапсыруды сұрайды. Желтоқсанда күніге 16 сағат жұмыс жасап, айына 69 мың теңге жалақы алдық. Оның өзіне әрең қол жеткіздік. Жүргізушілер жалақысын уақытында беруді және көтеруді сұраймыз»,-дейді кондуктор Айгүл Күлбарақова.

«Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» мекемесінің алдына жиналған жұмысшылар жалақы төлеуде жүйелік жоқ екеніне шағымданды. Айтуларынша айына 22 мың теңге төленген кездер болған.

Жағдайды жоққа шығармаған мекеме басшылығы әкімдіктен көмек сұрайды.

«Біз қызмет көрсететін 19 маршруттың 11-і тиімсіз. Шығын көп. Тек жанармайға ай сайын 12 миллион теңге жұмсаймыз. Бізге айына 40 миллион теңге субсидия қажет», – дейді «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» мекемесі басшысының орынбасары Есбол Сатаев.

Жалақыны 200 мың теңгеге көтеруді сұрап жиналған жұмысшылар тек Ақтөбе қаласы әкімінің уәдесінен кейін ғана тарады. Асхат Шахаров мәселенің зерттелетінін және кешке дейін  шешілетінін айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.