28-12-21 |
510 рет қаралған
Алматыда екі автобус түйісіп, 20 адам жарақат алды.
Алматыда екі автобус түйісіп, 20 адам жарақат алды

Алматының Медеу ауданында Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты. 

 

Апат куәгерлері мен №4 автобус жүргізушісінің айтуынша, №4 автобус аялдамада тұрған. Сол уақытта №203 автобус жылдамдықпен жүрген. Серпер көшесінен өткен соң жүргізуші аялдамада тұрған автобусты айналып өтпек болған, алайда сол жақтан көлік қозғалған. №203 бағдар жүргізушісі автокөлікпен соқтығыспау үшін рөлді оңға бұрған, артынша №4 автобусты соқты.

 

Алдын ала мәлімет бойынша, екі автобуста 20-ға жуық адам зардап шеккен.

№4 маршруттың жүргізушісі қақтығыс болған кезде өзінің №203 автобусқа қарай жүгіріп барғанын айтты. Ол жерде автобус есігі ашылмай қалған.

Жүргізушілер әйнекті сындырып, іштен бірнеше адамды шығарды. Артынан артқы есікті ашып, зардап шеккендерге автобустан шығуға көмектесті.

Қазір оқиға орнында барлық мән-жайды егжей-тегжейлі анықтау үшін полиция қызметкерлері мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.