27-03-21 |
820 рет қаралған
Алматыда тарихи қорымдар жойылып жатыр.
Алматыда тарихи қорымдар жойылып жатыр

Алматылық археологтар дабыл қақты. Өңірде ежелгі тарихи қорымдар жойылып жатыр. Бірнеше жыл бұрынғы  керимика сынықтары мен экспонаттар табылған орын жаңа көп қабатты ғимараттар салу үшін таңдалған, деп хабарлайды Arasha.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап. 

Бір кездері археологтар жылқылардың сүйектерін, керамика сынықтарын және басқа да қызықты экспонаттарды қорғандар қазылған траншеялардың аумағынан тапқан. Ғалымдар бұл жер ерекше және оны зерттеу керек деп санайды, бірақ үлкен құрылыс бұған кедергі келтіреді.

Бір кездері бұл жерде бірнеше қорған болған, дейді археолог Ерлан Қазизов. Уақыт өте келе олар жермен теңестірілді. Қазір мұнда құрылыс алаңы салынып, тіпті сумен жабдықтау үшін траншея қазылды. Бірақ кездейсоқ табылған заттар мыңдаған жылдар бұрын бұл жер үлкен елді мекен болғанын айтады.

«Керамика фрагменттері мен жануарлардың сүйектерінің үстінде конструкция орналасқан. Қазір бұл нақты не екенін айту қиын, бірақ үйсін дәуіріндегі керамикаға қарағанда бұл жерде қоныс бар деп айтуға болады. Ол шамамен бір жарым мың жыл бұрын салынған», – деді Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Ерлан Қазизов.

Археолог Қазақстан тарихы үшін маңызды артефактілердің осында орналасқанына сенімді. Әзірге ешкім құрылысты тоқтатқан жоқ. Нысанның төлқұжатына сәйкес, Тапсырыс беруші – қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы.

Наурызбай ауданындағы археологиялық ескерткіштерді жою мәселесі бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Бұрын белгісіз біреулер сақ дәуірінің қорғандарына жақын маңда шұңқыр қазған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.