11-02-21 |
620 рет қаралған
Серікжан Ерекешевті ұстау операциясы жарияланды.
Серікжан Ерекешевті ұстау операциясы жарияланды

Талғар ауданының бұрынғы әкімі мен әкімдік қызметкерлері бірнеше мәрте пара алды деген күдікке ілінді. Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шенеуніктерді ұстау сәтінің видеосын жариялады.

Қазір Талғар ауданының бұрынғы әкімі Серікжан Ерекешев пен өзге лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды.

«Қылмыстық кодекстің 366-бабына («пара алу») сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Талғар ауданының бұрынғы әкімі мен әкімдік қызметкерлері бірнеше мәрте пара алды деген күдікке ілінді. Олар алдын ала сөз байласу бойынша ақша жымқырған. Пара беріп, пара алғаны үшін облыстық ақпараттық технологиялар ғылыми-техникалық орталығының жетекшісі де күдікке ілініп отыр», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Диас Нүсіп.

Естеріңізге салсақ, Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешев пара алу дерегімен қамауға алынғанын жаздық.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.