Алматы облысы Шонжы ауылындағы құны 1,171 миллиард теңгелік спорт кешенінің құлау себептері анықталды. Нысанға ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бастамасымен тексеру жүргізген Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу, жобалау институтының мамандары өз қорытындысын шығарды. Сарапшылардың айтуынша, дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы бекітілген жобалық шешімдерге сай болмаған.
«Апат фермалардың 9-шы және 10-шы осьтерінде басталған. Оның үстіндегі цементті-құм құймасының салмағы шамадан тыс болған. Астыңғы және үстіңгі белдеудің монтажды тораптары әртүрлі өлшемдегі алты болтпен бекітілген. Бұл жобаға сай емес. Тігінен түскен салмақтан монтаж тораптары керіліп, болттардың бірі үзілген. Осыдан кейін көлденең салмақ бағандарға түсіп 3-ші блоктың конструкциясы қираған», – дейді ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері.
Комитет осы іске қатысты тұлғаларды жауапқа тарту үшін Алматы облысының әкімшілігіне хат жолдады. Апаттың нақты себебі тиісті зертханалық сынақтар мен есептер жүргізілгеннен кейін анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, Шонжы ауылында жаңадан салынған спорт кешені 2020 жылдың 22 қыркүйегінде құлап қалды. Пайдалануға берілмей жатып істен шыққан нысанның құрылысына мемлекеттің 1,171 миллиард теңге қаржысы бөлінген еді.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024