07-11-24 |
360 рет қаралған
Алматыда 50 мың камера қосылады.
Алматыда 50 мың камера қосылады

Алматыда жаңа бейнекамералардың көмегімен қауіпсіздік күшейтіледі.

Алматыда жыл соңына дейін 50 мың бейнебақылау камерасын бірыңғай бейнебақылау жүйесіне (ББЖ) қосу жоспарланған. Қазір жүйеге 209 жеке және 613 мемлекеттік нысандардағы 45 мың камера қосылған, ал 2025 жылға қарай олардың саны 70 мыңға жетеді.

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру үшін «Сергек» кешенінің 300 камерасы орнатылып, қаладағы осындай кешендердің жалпы саны 1 641-ге жетті.

Сонымен қатар, «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы аясында жыл соңына дейін 71 денсаулық сақтау нысанында да қауіпсіздік шаралары іске асырылады.

Бұл шаралар Алматыдағы қауіпсіздік деңгейін арттырып, қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтуге бағытталған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.