06-06-24 |
14000 рет қаралған
Алматыда жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын ТҮК тізімі көбейді.
Алматыда жылжымайтын мүлікті сатып алуға ұсынылмайтын ТҮК тізімі көбейді

Қазіргі таңда тізім 45 тұрғын үй кешенінен (ТҮК) тұрады, деп хабарлайды Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Тізім құрылысқа рұқсат құжаты толық емес немесе жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар ТҮК-мен толықты.

Айта кететін нәрсе, тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар да кірді. Басқарманың ақпаратынша, осындай ТҮК бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады.

«Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын біздің +7 705 89 66 000 WhatsApp анықтамалық желісі арқылы ТҮК барлық тиісті құжатының бар-жоғын тексеріңіз», – дейді Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.