09-02-24 |
27220 рет қаралған
Алматының кейбір бөлігі жарықсыз қалды.
Алматының кейбір бөлігі жарықсыз қалды

Алматының Алмалы ауданында 2024 жылдың 9 ақпанында сағат 12:20 шамасында электр қуаты жартылай сөндірілді.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Алмалы ауданының қай бөлігі жарықсыз қалғанын түсініктеме берді.

«Алмалы ауданы: Гоголь к-сі – Амангелді к-сі – Абай даңғылы – Байтұрсынов к-сі бойынша жарықтың өшу себебі анықталуда», – делінген хабарламада.

Компания күтілетін қосу уақыты екі сағатты құрайтынын атап өтті.

«АЖК» АҚ мәліметінше, келесілер жарықсыз қалды:

– бес бағдаршам,

– 123 заңды тұлға,

 -1993 адам.

2023 жылдың 25 қарашасында кешкі уақытта Алматының Алмалы ауданында жарық өшіп қалды. Бұдан кейін «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ нақтылағандай, сағат 20:16-да РЭС-2 апатты түрде тоқтатылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.