Біз
әлеуметтік
желіде
02-08-23 |
3530 рет қаралған
«Ақкенттің» қазіргі жағдайы.
«Ақкенттің» қазіргі жағдайы

Алматыда кеше кешке 16 қабатты Ақкент тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Оқиға орнының бүгінгі жағдайы жайлы Massaget.kz сайты жазды.

"Ақкенттің" қазіргі жағдайы

Оқиғадан кейін Ақкент тұрғындары қатты шошып қалған. Олардың сөзінше, мұнда 96 пәтер бар, шамамен 250-300 адам тұрады.

"Ақкенттің" қазіргі жағдайы

Ал бүгін үйдің алдында полиция көлігі тұр. Кейбір тұрғындар кешегі оқиғадан кейін заттарын алып көшіп жатыр. Олардың сөзінше, үйге зақым келмегенімен, түтін кірген.

Кейбір тұрғындар ашық алаңда, көк шөпте отыр. Қазір тексеріс жүргізіліп, әкімдік өкілдері тұрғындарды тұратын жері бар-жоғына қарай тіркеп жатыр.

"Ақкенттің" қазіргі жағдайы

Кеше өрт шыққан аумақта шашылған аяқкиімдер, матрастар көрінеді.

"Ақкенттің" қазіргі жағдайы

Сондай-ақ, пәтерлердің терезелері сынған. Жерде әйнектер де шашылып жатыр.

"Ақкенттің" қазіргі жағдайы

Ал тұрғындарға арналып, №178 мектептің спорт залы жасақталған. Кеше тұрғындар оқиға болған үйге түнемеген. Кейбіреулер туыстарына, жақын маңдағы дүкендерге, көліктеріне қонып шыққан.

"Ақкенттің" қазіргі жағдайы

Айта кетейік, бұл ауданда әлі де жаңа тұрғын үйлер салынып жатыр.

"Ақкенттің" қазіргі жағдайы

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол — өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды. 

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

Arasha.kz

ФОТО: Massaget.kz

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.