Қарғанды облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қалел Мақсұтов карантин шараларын өрескел бұзғаны үшін қызметінен босатылды. Шенеунік пандемия кезінде дүркіретіп той жасаған.
«Жер қатынастары басқармасының басшысы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы карантинді өрескел бұзғаны үшін, яғни, пандемия кезінде той өткізуіне байланысты қызметінен босатылды», – деді облыс басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимде өткен аппарат кеңесінде.
Осы орайда әкім ондай заңсыздықтар үшін қатаң жаза қолданылатынын ескертті. Ал шенеуніктер мәртебесіне қарамастан, жауапқа тартылады.
«Мұндай заңсыздықтар үшін қатаң жаза қолданылатынын тағы да ескертемін. Бұл жерде мемлекеттік қызметшінің қызметтік этикасының барлық нормасы бұзылып отыр. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыздар. Мәртебелеріңізге немесе жұмыс орнына қарамастан әрекеттеріңізге жауап бересіздер!», – деп атап өтті Қасымбек.
Қасымбек мониторингтік топтың мүшелеріне ескерту жасап, карантин шаралары барлығына бірдей екенін еске салды.
«Сіздер біреудің мүддесі үшін емес, азаматтардың денсаулығын қорғау үшін құрылғансыздар! Осындай іс-шараларды тоқтатып, жария етіңіздер. Бәрін бақылау камералары арқылы бақылап, жұмыс істейміз деп айтқан жоқсыздар ма? Сондықтан мұқият қараңыздар. Тыйым барлығына бірдей», – деді өңір басшысы.
Айта кетейік, шенеунік жасаған тойға 400 адам келген.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024