Қарағанды облысының басшысы Ерлан ҚОШАНОВ та Астана қаласының әкімі Бақыт СҰЛТАНОВ, Қызылорда облысының басшысы Қырымбек КӨШЕРБАЕВ сынды көп балалы аналармен кездесуді жөн санаған жоқ. «Достық үйінде» бес сағатқа дейін созылған жиынға орынбасарлар мен түрлі басқарама өкілдері қатысты, деп жазады zhasalash.kz
Сайттың жазуынша, БАҚ өкілдері үшін кездесу есігі жабық болыпты. Оның себебін облыс әкімінің орынбасары Асхат АЙМАҒАНБЕТОВ «бізге пиар керек емес» деп түсіндірді. Дегенмен, Жас Алаш сайтының өңірдегі тілшісі пиар сүймейтін шенеуніктердің көп балалы аналармен кездесуіне куә болып қайтқан еді.
Қарағандылық аналар да жергілікті билік өкілдеріне өз мұң мұқтаждарын жеткізді. Жуырда ғана облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған 36 жастағы Асхат АЙМАҒАНБЕТОВ облыстың әлуеметтік сала және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететіндіктен, аналармен жүздесуді өзі де жоспарлаған екен. Аналардың мәселесін тыңдауға келген шендінің кездесуіне келгендердің қарасы екі жүзден асып жығылды. Олардың 70 пайызы баспанаға зәру екендерін жеткізді. Алайда, қолдан келмейтін дүниені Асхат Қанатұлы бірден кесіп айтты.
«Қазірдің өзінде 36 000 адам кезекте тұр. Ол 36 000 – ға қашан беріледі? «Беріле ме?» деген сұрақ өз алдына бөлек мәселе. Қазір естіп жатсыздар ғой тегін үй берілу мәселесі қиын. Сондықтан, жалдамалы пәтер беру мәселесі көтеріліп жатыр. Оны өздеріңізде де жаңалықтан көрдіңіздер. Жалпы, бұл жалдамалы үйлерді бірнеше есеге көбейту бойынша тиісті шешім қабылданып жатыр. Қаржыландыу жағы да қарастырылып жатыр. Бұл мәселе бірте – бірте шешіледі деген біздің де үмітіміз бар. Бірақ, бұл мәселені де қадағалауымызға аламыз. Дегенмен, бұл республикалық бюджеттен берілетін қаржыдан қарастырылады», — дейді әкімнің орынбасары.
Аналардың толғандырған екінші мәселесі — балаларға берілетін жәрдемақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 18 жасқа толғанға дейінгі берлетін жәрдемақы 4 -5 балалары бар анаға берілмейтін болды. Осыны «қайта қайтарсын» деген уәж де айтылды. Бұл ретте облыс әкімшілігі жоғары жаққа ұсыныс тастап үлгеріпті.
«Бұл мәселеде сізбен толық келісемін. Сондықтан біздің бүгінгі беріліп отырған ұсынысымыз – қалай болды ең аз дегенде, солай құқықтарыңызды, жеңілдіктерізді беру. Бұл мәселе шешімін табады ғой деген үміттеміз. Әрі қарай жұмыс істейміз.»
Облыс басшысы орынбасарының келетінін білген әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызметкерлері де «Достық үйінен» табылды. Тіпті, банк өкілдері, тұрғын үй коммуналдық шарушылық бөлімі өкілдері, білім басқармасы басшыларына дейін қаз қатар жиналған. Атқамінерге шағымымен келген ананың мәселесіне олар да көңіл бөліп құрша жорғалады.
Әлбетте, кеше ғана бес баласынан айырылған ананың қайғысына ортақ қарағандылықтар оқиға құрбандарын жанарына жас алып, егіле еске алды. Осы кезде бес балалы Салтанат КАНИКАРДЫҢ айтылған жүйелі ұсыны жиналған қауымды елең еттірді.
«Қазір біздің үйіміздің ішіндегі айғайымызды сыртқа шығарып күлкі болмайық. Кешегі кеткен бес періште бізге бес нәрсені үйренуді айтып кетті. Бірінші, кешірім өтінем, басымды иіп. Барлықтарыңыз анасыздар. Демократиясы жоқ елде демографияны дамытуды сұрап отырсыздар бізден. Екіншісі, ол есебін білмейтін ессіз халыққа қаржылық сауат үйретпей, үйіп — төгіп кредит бердіңіздер. Бірден бестен алдық та басымыз қатып жүр. Үшіншісі, бұл үйде үймелеп отырған баламызбен үй жалдап жүрміз. Қазақстанда қазақта ғана үй жоқ. Сол бес баланы жетектеп алып, екі баламызды ғана айтып, қалғанын тығып, үй жалдап отырған аналар бар. Төртіншісі, бұл ертеңгі күні үлкен дастарханымыздың берекесі болып отырған аналардың айқайы, ертең біреудің айбалтасына айналып кетпесін. Сіздің үйіңіздегі жағдай, ол біздің қаламыздағы жағдай, біздің қаламыздағы жағдай ол мемлекеттің жағдайы. Сондықтан, бір үлкен мемлекеттің, отбасының мүшесі ретінде, азаматы ретінде тағы бір мүдделі дүниені есіңізге сақтаңыз, елдің тыныштығы керек! Бесіншісі, белсенділер, басшылар қазір халық сізге келіп сұрап тұр. «Әй, мына жерде жарам бар еді, қараңдаршы! Мына жерде сүрініп жатырмын, көмектесші» деп өзі айтып тұр. Ашындырып алмаңыздар. Ашынған адам алқымға жабысады. Сондықтан қазір тыңдаңыздар. Ал, құрметті аналар, қазір осы жиналыстан кейін бізге ешкім тегін үй бермейді, беруі де керек емес. Тегін дүниенің құны жоқ. Тек қана үй алуға мүмкіндік берсін. Сіз көмір, су, тегін тамақ, киім сұрамаңыз. Сіз балаларыңызды асырап жатқан уақытта қасында отырғаныңыз үшін, ана айтып жүрген 500 мың айлықтың жартысы 250 мың теңге ғой. Әр балаға 50 000 теңгеден 250 000 берсінші тып – тыптыныш үйімізде отырайық», —деген Салтанаттың сөзі барша ананың көңілінен шықты.
Дегенімен, Асхат Аймағанбетов аналардың назын, әлеуметтік мәселерлерін тыңдап әр қойылған сұраққа жауабын бірден беріп отырды. Шешілетін, облыстық көлемдегі мәселелерді мүмкіндігінше шешуге сенім білдірді.
«Ешкім бізді итермелеп, кел деп тапсырма беріп отырған жоқ. Бұл өзіміздің шешіміміз. Кейбір мәселені бүгіннің өзінде, қазірдің өзінде шешіп, маған есептерін телфоннан жіберіп жатыр. Жайдан жай біз келіп, көзбояушылық істеп кетпейміз. Айттым ғой мен басында барлық сұрақ бір күнде шешілмейді. Шешілмейтін сұрақтар бар. Мынау тұрғын үй мәселесінен, тұрғын үй бер дейді, оны біз бере алмаймыз. Бізге қайтарылмайтын несие бер дейді, оны біз бере алмаймыз. Бірақ, кейбір мәселелер бар. Оны біз шеше аламыз. Оны қазірдің өзінде шешіп те жатырмыз. Сондықтан, шешілетін мәселелер бар. Жалпы жылжу бар. Қолымыздан келгенше тиісті шешім қабылдаймыз» деген басшы 14:30 бастаған жиынды 19:30 аяқтады. Бірақ, жиын соңынан жеке кездесуіне қалған халық саны ұзын сонар кезекке ұласты.
Дереккөз: zhasalash.kz
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024