Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметоваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Бас ұстаз мемлекетке 3,8 млрд теңге көлемінде залал келтірілді деген күдікке ілінді.
Сhinovnik_kz паблигінде тараған мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметоваға қатысты ҚР ҚК-нің 189 бап 4 тармағымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 48 жастағы шенеунік 3,8 млрд теңге көлеміндегі білім беру ұйымдары үшін бөлінген мемлекет қаржысына залал келтірді деген күдікке ілінді.
Бас ұстаз «КазИнтерСервис-Астана» ЖШС директоры А.Ж.Төлепова (1981ж.) және «Логиком» ЖШС директоры Шуваловпен Г.С. (1975 ж.) бірлесіп, заңсыз әрекетке барды деп айыпталды.
2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында мемлекеттік тапсырыс негізінде 2500 дана компьютер және 19 000 дана ноутбук сатып алынған. Білім беру ұйымдары үшін сатып алу шарттары кезінде мемлекетке 3,8 млрд. теңге көлемінде залал келтірілгені белгілі болды.
Қарағанды облысының білім басқармасы сотқа дейінгі тергеу ісіне қатысты төмендегідей жауап берді.
«2020 жылы Қарағанды облысының білім беру ұйымдарын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін білім басқармасы 28 058 бірлік компьютерлік техниканы сатып алды (оның ішінде компьютерлер – 2 920, ноутбуктар – 21 355, планшеттер – 3 783). Барлық компьютерлік техника жасалған келісім-шарттар бойынша техникалық ерекшелікке сәйкес келеді.
Компьютерлік техниканы сатып алу мен қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін білім басқармасының (06.08.2020 жылғы №245) бұйрығымен жұмыс тобы құрылды (саны -13 адам). Аталған жұмыс тобына әртүрлі құрылымдардың өкілдері, оның ішінде компьютерлік техника жөніндегі мамандар да кірді.
Бақылау органдарымен тәуелсіз сараптама жүргізілді, нәтижесінде компьютерлік техниканың техникалық ерекшеліктің барлық талаптарына сәйкес келетіндігі анықталды. Сұрақ тек «Құрылғыны басқару және қосымшаларды басқару» бағдарламасының болуы бойынша туындады. Бұл бағдарламалар пакеті «Бағдарламаларды орнату және жою» тармағында басқару тақтасы арқылы компьютерге орнатылады және жойылады. Бұл процедураны кез-келген пайдаланушы жасай алады. Техникалық ерекшелікте бағдарламаларды жоюды бұғаттау қарастырылмаған. Аталған бағдарламалар пакеті барлық мектептерге қажет болған жағдайда қайта орнату үшін жіберілді.
Қазіргі уақытта білім басқармасы аудиторлық қорытындыға, сондай-ақ сатып алынған компьютерлік техниканың техникалық ерекшелікке сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыға қарсылық дайындады»,-деп хабарлайды білім басқармасы.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024