Қарағандыда боранға қарамай шығып кеткен адамның денесі табылды. Ер адам қыстаудан бес шақырымға ұзаған кезде үсіп кеткен, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал ауылының тұрғыны боран күні қыстаудан ұзап, адасып кеткен.
Шет аудандық полиция бөліміне Ақжал кентінің маңында ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 26 ақпанда келіп түсіпті. 1961 жылы туған ер адам 25 ақпанда күндіз қыстаудан белгісіз бағытта шығып, оралмаған.
«Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың күштерінен тұратын іздестіру тобы іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 26 ақпанда сағат 17:15-те іздеу тобы қыстақтан 5 шақырым жерде жоғалып кеткен адамның денесін тапты», – деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Облыстың құтқарушылары ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге жаяу және жол жүруден аулақ болуды, ауа райының өзгеруіне сәйкес киінуді ескертеді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024