22-02-21 |
1970 рет қаралған
Қарағандыда пандения кезінде судьяның тойына прокурорлар барған.
Қарағандыда пандения кезінде судьяның тойына прокурорлар барған

Қарағандыда өткен судьяның тойынан видеоны әлеуметтік желі қолданушылары тартып жіберді. Тексеруге барған мобильді топ хаттама толтырмаған болып шықты.

Қарағанды облыстық сотының судьясы анасының мерейтойын қаланың танымал мейрамханаларының бірінде өткізген деп хабарлайды Arasha.kz ақпарат агенттігі 24 kz-ке сілтеме жасап.

«Барлығын күтпеген қонақтар – мобильді топ бұзған. Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков мобильді топ мүшелерімен «сен» деп сөйлескен, полицейді тану үшін одан маскасын шешуді талап еткен, сондай-ақ мекемеде прокурорлар да бар екенін мәлімдеган», – деді телеарна ақпараты.

Оқиға шамамен бір ай бұрын болған. Осы уақыттың ішінде мобильді топ бұл заң бұзушылық туралы ақпарат таратпаған. Белгілі болғандай, Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының деректер базасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.