26-08-24 |
19020 рет қаралған
Қарағандыда Шахтерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Қарағандыда Шахтерлерді марапаттау рәсімі өтті

Шахтер күні қарсаңында Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет үйінде Qarmet компаниясының көмір департаментінің 18 шахтеріне «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» , «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік марапаттары табысталды. Марапаттарды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев тапсырды.

Шахтер — бұл мәртебе және мінез. Шахтерлер тек еңбекқорлығымен, табандылығымен және батылдығымен ғана емес, сондай-ақ адалдығымен және жақынына көмек көрсетуге дайындықпен де ерекшеленеді. Осы құрметті мамандықтың өкілдерін шын жүректен құттықтаймын. Шахтерлер айтпақшы – Тас төбенің бекемдігін тілеймін. Шахтер күні құтты болсын!, – деді Бөлекпаев.

«Құрмет» орденінің иегерлерінің бірі Нұржан Уәлиев марапатты қалай естігенін айтып берді.

Бүгін теледидардан Президентіміздің шахтерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын естіп, жұмысқа келсем, маған «Құрмет» ордені берілгенін айтты. Өзім Абай шахтасында 5-разрядты проходчик болып жұмыс істеймін, еңбек өтілім – 33 жыл. Мен өте қуаныштымын, бұл үлкен естелік, немерелерім көретін болады. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын!, – деді ол.

Мемлекеттік наградалардан басқа, «Шахтер Даңқы» үш дәрежесі, «Еңбек даңқы» II дәрежесі белгілері және «Еңбек ардагері» медальдары да тапсырылды. Марапатталғандар арасында тазалау жұмыстарының тау-кеншілері, тау-кен машиналарының машинистері, жер астындағы электр слесарлары және энергетиктер болды. Марапаттарды ҚР Индустрия және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков тапсырды.

Сіздер өмірлеріңізді ауыр, бірақ құрметті іске арнадыңыздар. Өз табандылықтарыңызбен және жанқиярлық еңбектеріңізбен ұлттық экономиканың өсуіне және мемлекетіміздің тәуелсіздігінің нығаюына үлес қосудасыздар, – деп атап өтті Сапарбеков.

Шахтерлерді Qarmet компаниясының басшылығы да құттықтады. Өндірістің он бір үздік қызметкеріне «Chevrolet Onix» жеңіл автокөліктерінің кілттері табыс етілді. Сыйлықтарды Qarmet компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев, Бас директор Вадим Басин және Көмір департаментінің директоры Жахан Мұхамеджанов тапсырды. Автокөлік иелері: Владимир Жуков (Костенко шахтасының жер асты электр слесары), Виктор Дульша (Күзембаев атындағы шахтаның тау-кен жұмысшы жөндеушісі), Владимир Булаткин (Күзембаев атындағы шахтаның тау-кен машиналарының машинисті), Иван Шевцов (Саранская шахтасының УПР-1 проходчигі), Константин Проценко (Абай шахтасының тау-кен машиналарының машинисті), Ильдус Құрманов (Қазақстан шахтасының тау-кен машиналарының машинисті), Сергей Маленок (Ленин атындағы шахтаның УПР-1 проходчигі), Абдул Шабанов (Шахтинская шахтасының УПР-1 проходчигі), Амангелді Жұмаков (Тентекская шахтасының УПР-3 проходчигі), Руслан Кишман (Шығыс ЦОФ-тың жөндеу және қызмет көрсету слесары) және Александр Кайдалов (УСШМД бұрғылау қондырғысының машинисті).

Мен шахталарда бұрғылаушы болып жұмыс істеймін. Менің еңбек өтілім 26 жыл, мұндай жағдай өмірімде алғаш рет болды. Көлікті өзім жүргіземін, бірақ алдымен жүргізуші куәлігін алу керек, – деді Александр Кайдалов толқып.

Мерекелік іс-шарада Qarmet компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев құттықтау сөз сөйледі.

Бұл күні мен сіздерге зор денсаулық және жаңа жеңістер тілеймін. Әрқайсыңыз үшін ең маңыздысы, біздің Отанымыз дамып, Қарағанды қаламыз шахтерлер астанасы деген үлкен және күшті атақты мақтанышпен алып жүруі. Осылай жалғаса береді. Осы ұлы ерлік, күш және батылдық мерекесімен құттықтаймын. Барлығыңызға жақсылық тілеймін, – деді Лаврентьев.

Qarmet Бас директоры Вадим Басин де әріптестерін алдағы мерекемен құттықтап, жаңа жетістіктер мен қауіпсіз жұмыс тіледі.

Құрметті жерлестер, әріптестер, қадірлі шахтерлер мен көмір саласының ардагерлері! Жер астындағы ең бастысы – шахтер. Өз ісіне адал, ержүрек және жанқиярлықпен еңбек ететін адамдар, жылдар бойы бір-біріне иық тіресе жұмыс істеп, қуаныш пен жеңісті бөліседі. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт, амандық, қауіпсіз жұмыс және жаңа жеңістер тілеймін!, – деп құттықтады ол.

Құттықтауға Көмір департаментінің директоры Жақан Мұхамеджанов та қосылып, тау-кеншілердің ерлік еңбектерін атап өтті.

Дәстүр бойынша тамыз айының соңғы жексенбісінде біз өз кәсіби мерекеміз – Шахтер күнін атап өтеміз. Біздің тарихымыз жалғасып жатыр, өз ісімізді дұрыс түсінсек, бәрі сәтті болады. Баршаңызға мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Өздеріңізді күтіңіздер, мерекелеріңізбен!, – деді Жақан Мұхамеджанов.

Марапаттау рәсімінің соңғы бөлігінде қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарының қатысуымен керемет концерт өтті. Шахтерлер үшін хореографиялық ансамбльдер, әншілер Марат Бекішев, Талғат Идрисов, Нұрлан Абдуллин және Игорь Николаев өнер көрсетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.