18-02-21 |
690 рет қаралған
Қапшағайда ойынхана күзетшісін пышақтап кетті (видео).
Қапшағайда ойынхана күзетшісін пышақтап кетті (видео)

Қапшағайда пышақ жарақатын алған 36 жастағы ойынхана күзетшісі жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, жәбірленушіге бірнеше рет соққы жасалған. Оқиға видеоға түсіп қалған.

Казинодағы оқиға туралы полицияға 36 жастағы күзетші жансақтау бөліміне жеткізгеннен кейін ғана хабарланған. Тәртіп сақшылары ойынханаға келушілердің бірі төбелес шығарып, қызметкерлердің бірін пышақпен жарақаттағанын анықтады.

«Оқиға орнынан қашып кеткен күдікті Талғар ауданының тұрғыны болып шықты, ол ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір жауап алынып жатыр», – деді Қапшағай полициясы бастығының орынбасары Азамат Тұрғынбаев.

Полиция ұсталған адамға кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылғанын хабарлады. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.