24-12-21 |
3030 рет қаралған
Батыс Қазақстанда су бағасы үш есеге қымбаттады.
Батыс Қазақстанда су бағасы үш есеге қымбаттады

Батыс Қазақстандағы 150 ауылдың тұрғындары үшін судың бағасы үш есе қымбаттаған, деп хабарлайды  «Хабар 24» арнасы.

Жаңа баға тарифы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілді.

Арнаның мәліметінше, өзгеріс уды топтық және жергілікті су құбырларынан алатын ауыл тұрғындарына әсер етеді. Ал олардың саны облыс бойынша 22. Олар үшін су берудің орташа мөлшері текше метріне 318 теңгені құрайды. Алайда есептегіш құралы бар тұрғындар текше су үшін 30 теңгеден, ал құралы жоқ тұрғындар 40 теңгеден төлейді. 

Осылайша жаңа жылдан бастап ауыл тұрғындары үшін бір текше су есептегішімен 90 теңгеден, есептегішсіз 200 теңгеден болады. Кәсіпорынның шығындары мен халыққа арналған тариф арасындағы айырмашылық облыстық және республикалық бюджеттерден субсидияланады.

Бұл енгізілген шараларды шенеуніктер ауыз су тапшылығымен түсіндіреді. Олардың айтуынша, ауыл тұрғындары ауыз суды ұтымсыз пайдаланып отыр.

Сондықтан жаңа тарифтік саясат су ресурстарына ұқыпты қарауға ықпал етуі тиіс, деп түсіндіреді мамандар.

«Жаз мезгілінде ауыл тұрғындары таза ауыз сумен бақша суарады, малына су береді. Ал бұл уақытта басқалар су тапшылығын сезінуде. Сондай-ақ, қаулы жобасында шектеулі тариф енгізу ұсынылғанын атап өткім келеді. Бір адамға тәулігіне 40 литрден асатын суды тұтыну бес есе қымбатқа түседі. Бірақ лимитті енгізу құпталмады», – дейді облыстық мәслихат жанындағы бюджет комиссиясының төрағасы Мұрат Мұқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.