04-03-21 |
2000 рет қаралған
Оралда көпірден секірген жасөспірім мерт болды.
Оралда көпірден секірген жасөспірім мерт болды

Оралда көпірден секіріп, көз жұмған жасөспірімнің жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға бүгін таңда Деркүл аумағындағы көпірде тіркелді. Дәрігерлер жасөспірімнің жасын болжаммен айтты.

«4 наурызда таңғы жетіде Деркүл ауылындағы көпірдің астынан ер адамның денесі табылды. Оның жасы шамамен 17-де», – дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Полиция қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.

«Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Суицидке апару» бойынша жүргізіледі. Қазір тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтап жатыр», – деді полиция департаменті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.