фото: kazakh-tv.kz/
Маңғыстау облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесінде аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысына қатысты тәртіптік іс қаралыпты. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
19 мамырда өткен кеңес отырысында тәртіптік істі қозғауға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұсынысы негіз болған екен.
Ұсыныста облыстық аумақтық инспекция қызметкерлері күнделікті қызмет барысында кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінен заңсыз сыйлықтар алатындығы көрсетілген. Мысал ретінде төмендегідей жайттар келтірілген.
«29 желтоқсан 2019 жылы бір жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі Инспекцияның бөлім басшысына, Ақтау қалалық аумақтық инспекция басшысына және осы инспекцияның екі бас маманына құны 300 теңге тұратын сүт өнімдерін (сүзбе, айран) сыйлық ретінде берген.
Келесі күні, сағат 17:00-дер шамасында, басқа серіктестік өкілі Инспекцияның бөлім басшысымен кездесіп, оған жалпы сомасы шамамен 3000 теңге тұратын «Түркістан» коньягын және конфеттерді жаңа жылдық сыйлық ретінде берген. Бұл оқиғалар мемлекеттік орган ғимаратынан тыс жерлерде орын алған» делінеді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осылайша, облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы қарамағындағы қызметкерлердің тарапынан сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті іс-шаралар қабылдамайтыны белгілі болған.
Керісінше, инспекция басшысы аталған шараларды жүйелі түрде жүргізіп отырудың орнына, өзі бірнеше күн қатарынан жұмыс орнында алкогольдік ішімдіктер ішуді әдетке айналдырған дерек анықталыпты.
Кеңес мүшелері тәртіптік іс құжаттарын жан-жақты талқылай келе, облыстық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы басшысы тарапынан мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің нормалары өрескел бұзылған деп тауып, оған «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану үшін жоғары тұрған органның басшысы атына ұсыным жолдауға шешім қабылдаған екен.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024