09-12-21 |
920 рет қаралған
Ақтауда «Батудың достарымен бірге бастан кешкендері» хикаясының үшінші бөлімі таныстырылды.
Ақтауда «Батудың достарымен бірге бастан кешкендері»  хикаясының үшінші бөлімі таныстырылды

Ақтауда «Батудың достарымен бірге бастан кешкендері» балалар кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Ақтау қаласындағы  № 22 С. Қондыбай атындағы мектеп гимназиясында өткен тұсаукесерге балалар мен ата-аналар қатысты. Тұсаукесерге кітап авторының бірі Зира Наурызбаева қатысып, жиналған үлкен-кіші көрерменнің сұрақтарына жауап берді.

«Мен осындай жерге келгеніме қуанып отырмын. Біздің оқырмандар – осы балалар. Ал балаларды алдау мүмкін емес. Біздің кітабымыз ұнамаса, олар бірден айтады. Дегенмен осы күнге дейін жаман пікір естігеніміз жоқ. Сондықтан мінекей Батудың бастан кешкендерінің үшінші кітабы да жарыққа шығып отыр. Ат салысқан барлық адамдарға рахмет айтамыз. Әсіресе, қолдау білдерген ERG компаниясына, сонымен қатар «ERG Көмек» қорына алғысымыз шексіз» деді автор.

Осы жолғы бөлім – Батудың бастан кешкендерінің үшінші бөлімі екен. Кейіпкерлер Айдала атты қиял-ғажайып мекенге барып, Алтын тостағанды іздеуді жалғастырады. Кітап қазақ және түркі халықтарының мифологиясынан құралған оқиғалармен байланысқан.

Атап өтсек, аталған кітап Eurasian Resources Group мекемесінің тікелей қолдауымен жарыққа шығып отыр.

arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.