03-02-21 |
2140 рет қаралған
Маңғыстау облысының бас дәрігеріне қатысты тергеу басталды.
Маңғыстау облысының бас дәрігеріне қатысты тергеу басталды

Маңғыстау облысының бас дәрігері Жамал Жаманбаева қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Ол мемлекетке 63 миллион теңге залал келтірді деп күдіктелуде, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы саясаттанушы, блогер Ербол Еділов Telegram парақшасында хабарлады.

Онда Маңғыстау облысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаеваның заңсыз әрекеті әшкере болғаны жазылған. Ол 2020 жылдың тамыз айында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, медициналық жабдықты қымбаттатылған бағамен сатып алуға бюджеттік өтінім жасап, үш жылжымалы рентген аппаратын сатып алды деп күдіктелуде. Мемлекетке келтірілген залал 63 миллион теңгені құрайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.