23-04-21 |
1640 рет қаралған
Маңғыстауда 66 миллион теңгеге салынған дәрігерлік пунктер бос тұр.
Маңғыстауда 66 миллион теңгеге салынған дәрігерлік пунктер бос тұр

Маңғыстауда мемлекеттік бағдарламамен құрылысы жүргізілгенүш бірдей дәрігерлік пункт 14 жылдан бері қаңырап тұр. Дәрігерлік орталықтар салтанатты түрде тапсырылғанымен сол күйі жұмыс жасамаған.

Пайдаға жарамай қалған дәрігерлік пункттер Маңғыстау ауданындағы Жарма, Сазды және Қияқты ауылдарында орналасқан. Олардың әр қайсысына 21 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бірақ, тұрғындар ешқайсысының игілігін көрген жоқ. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасы хабарлайды.

«Амбулаторияның қолданысқа берілгеніне 10 шақты жыл болды. Біз игілігін көріп жатқан жоқпыз. Ол ылғи жабық тұрады», – деді Жарма ауылының тұрғыны Тиін Балмырзаева.

Қазір Жарма ауылында тек мейірбике жұмыс істейді. Онда да ол үй-үйді аралап жүріп,қызмет көрсетеді.

«Қиындығы енді әркімнің үйіне барып саламын. Бұл жерде 90-дай адам бар соның 64 ғана осы жерде тіркелген. Осы  амбулаториының ең болмаса 2 бөлмесін дайындап берсе жақсы болар еді» , – деді мейірбике Клара Шаңдақбаева. 

Сазды мен Қияқты елді мекендерінде де дәрігерлік пункттер осылай қаңырап бос тұр. Медициналық мекемелер 2007 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. Алайда, халық санының аздығы мен маман тапшылығынан қажетсіз боп қалды.
«Қазірдің өзінде Маңғыстау ауданында 3 ауылда пәтер мәселесін шешу қиындық туғызбайды. Дайын тұрған үйлер бар бірақ, оған баруға ұмтылып тұрған маман жоқ. Оның үстіне айлығы да 300 мыңнан асады, соған қарамастан біз маман таба алмай отырмыз», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Нұрбол Оқуов. 

Аудан басшылығы нысандарды қалай пайдаға жаратарын білмей отыр. Бөбекжай ашуға тырысқан, бірақ оған да сұраныс болмапты. Енді ауыл шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлер болса, ғимараттарды сенімгерлік басқаруға беру көзделіп отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.