16-07-21 |
640 рет қаралған
Министрлік «ҚТЖ» ұлттық компаниясынан көмек сұрады.
Министрлік «ҚТЖ» ұлттық компаниясынан көмек сұрады

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Түркістан облысындағы белсенділер жинаған шөпті Маңғыстауға тегін жеткізуге көмек сұрады.

 

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

«Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында Ербол Қарашөкеев Түркістан облысының белсенді тұрғындары жинаған жем-шөпті тегін әрі жедел жеткізіп беруге көмектесуін сұрады. Ұлттық тасымалдаушы компанияның басшысы бұл мәселені өз бақылауына алып, көмек беретінін айтты», – деп жазылған ресми ақпаратта.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.