26-04-21 |
4170 рет қаралған
«Қасықтың сабын жұтқан»: Ақтау түрмесінде тексеріс басталды.
«Қасықтың сабын жұтқан»: Ақтау түрмесінде тексеріс басталды

Ақтаудағы түрмеде тұтқындар наразылық белгісі ретінде қасықтың сабын жұтып қойды.

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуірде Ақтау қаласының маңындағы ГМ-172/6 мекемесінде дене мүшесін зақымдау фактісі тіркелді.

Қатаң ұстау жағдайындағы отрядтың екі тұтқыны қасықтардың сабын жұтып қойды. Олар бұл әрекеттімен белгіленген ұстау режимімен келіспейтінін түсіндірмек болған.

Колония қызметкерлері оларға медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырды. Қазіргі уақытта олардың денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.

Өз кезегінде Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД бастамасымен қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) және ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) өкілдері фактіні тексерді.

«Бүгін ведомство басшылығының шақыруымен біз аталған мекемеге, атап айтқанда, қатаң ұстау жасағына бардық. Қатаң ұстау жағдайындағы сотталушылар әңгімелесуге жаппай және жеке тәртіппен қабылданды. Біз екі тарапты да тыңдадық, барлық өтініштер мұқият зерделеніп, тексеріледі», – деді Маңғыстау облысы ҰАТ тобының жетекшісі Александр Муха.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.