05-10-21 |
1560 рет қаралған
Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау өңіріне тиесілі.
Қазақстанда ең жоғары орташа жалақы Маңғыстау өңіріне тиесілі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтің мәліметінше, Маңғыстау облысында орташа жалақы 353 мың теңгеге жеткен. 

Маңғыстауда 2025 жылға дейін 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

«Өңірде 11 мың белсенді кәсіпорын жұмыс істейді. Жалдамалы жұмыскерлер саны – 291 мың адам. Орташа жалақы өңірде 353 мың теңгені құрайды», – деді Шәпкенов.

2025 жылға дейін өңірде 150 мың тұрғын жұмыспен қамтылады. 7 мыңға жуық адам оқуға қатысады, оның ішінде 3,5 мыңы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгереді.

«Кешенді жоспар аясында қабылданатын шаралар 2025 жылы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8%-тен аспайтын деңгейде ұстауға септігін тигізеді», – деді министр.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев 2025 жылға қарай кешенді жоспар аясында өңірдің жалпы өңірлік өнімі 32%-ке, ал халықтың нақты табысы 40,3%-ке өсетінін атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.