16-01-20 |
450 рет қаралған
Бақауов желідегі парақшасына пост жариялады.
Бақауов желідегі парақшасына пост жариялады

Бүгін Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов инстаграм желісіндегі парақшасына пост жариялады. Онда әкім индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлік және сауда басқармаларының мәжілісі өткенін хабарлап, өзінің сол жиында отырған суретін жариялады.

View this post on Instagram

Бүгін индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ кәсіпкерлік және сауда басқармаларының алқа мәжілісі өтті. Өкінішке қарай, былтыр инвестициялық жобалардың барлығын жүзеге асыру мүмкін болмады. Инвесторлар бюджет қаражаты есебінен қажетті инфрақұрылымдар салынғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған жағдайлар кездесті. Сонымен қатар, өңірде қомақты инвестиция салынып, бірақ тоқтап тұрған кәсіпорындар бар. Мәселен, Екібастұздың теміржол кластеріндегі үш кәсіпорыны тапсырыс ала алмай келеді. Осы және өзге де мәселелерді шағын және орта бизнестің, ірі компаниялардың өкілдерімен болған кездесуде талқылап, пысықтадық. Әрбір проблемада мемлекеттік органдар тарапынан кеткен кемшіліктер де бар деп ойлаймын. Біз бұл бағыттағы жұмысты жақсартатын боламыз. Осы аптада Павлодар облысының басқа да басқармаларының қатысуымен алқа мәжілісі форматындағы кездесулерді жалғастыратын боламыз. Сегодня прошла коллегия управлений индустриально-инновационного развития и предпринимательства и торговли. К сожалению, не все инвестиционные проекты удалось реализовать в прошлом году. Есть случаи, когда инвесторы не выполняют свои обязательства после строительства необходимой инфраструктуры, выполненного за счёт бюджета. Кроме того, в регионе есть простаивающие предприятия, в которые были вложены большие инвестиции. Например, три предприятия железнодорожного кластера в Экибастузе не получают заказы. ⠀ Эти и другие вопросы мы обсудили во время встречи с представителями крупных компаний и малого и среднего бизнеса. Думаю, что в каждой проблеме есть и недоработка государственных органов. Мы будем стараться улучшать эту работу. ⠀ На этой неделе мы обязательно продолжим встречи в формате коллегий с участием других управлений Павлодарской области.

A post shared by Bulat BAKAUOV (@bbakauov) on

Кеше Павлодар әкімі мен оның кеңесшісінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.