24-02-21 |
580 рет қаралған
Тоқаев: Айналайын, Мансұр!.
Тоқаев: Айналайын, Мансұр!

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық жіберді. Ел президентіне хат жолдаған жасөспірімге жауап келді.

Екі апта бұрын Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Мектеп оқушысы хатта шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтқан.

Оқушының хатын алған мемлекет басшысы Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық жолдады. Қазақстан президенті сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.

«Айналайын, Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегіңді шынайы ризашылықпен қабылдадым.

Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсің, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін.

Келешекте өз ісінің маманы болып, Отанымызға адал қызмет ететініңе кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз.

Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр», – деп жазылған хатта.

Мемлекет басшысының хатын Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов оқып берді.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.