20-12-21 |
1640 рет қаралған
Өскеменде ит талап өлтірген қыздың анасы болған жағдайға сене алар емес.
Өскеменде ит талап өлтірген қыздың анасы болған жағдайға сене алар емес

Өскеменде белгісіз жануар талап өлтірген 6 жасар қыздың анасы қайғылы оқиға жайлы айтты. Болжам бойынша марқұмды ит талап өлтірген болуы мүмкін.

Қайғылы жағдай «Красинец» бау-бақша серіктестігінің аумағында тіркелді. Анасы сол күні қызының есік алдына ойнауға шыққанын айтады. Анасы үй тірлігімен жүргенде қызының ауладағы итімен ойнағанын терезеден көрген. 

«Машаның иттің жанында жатқанын көрдім. Аяқ-киімсіз жүгіріп шықтым. Басында тек Машаны тайып құлап, есінен танып қалды деп ойладым. Жүгіріп келсем, күртешесі жыртылған. Қан. Қызымнын аяғы тізесінен жоқ», – деп еске алды марқұмның анасы Дарья Орлова. 

Орловтар отбасының көршілері көмек сұраған не жылаған дауысты естімегенін айтады. Қыздың анасы аймақта иттердің көп жүретінін айтты. 

«Менің ойымша, баламды біреудің иті немесе жабайы аң талаған. Бізде алабай ұстап, ит төбелесіне қатыстыратындар бар. Олар жекпе-жек алдында екі-үш күн тамақ бермейді. Мұндай ит босап кетсе, одан не күтуге болады?.. Бәлкім қаңғыбас иттер шығар. Мүмкін қасқыр. Жақында ауылдың тұрғыны қараңғы кезде қасқыр көріпті», – деді ол. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.