20-10-20 |
1450 рет қаралған
Полицейлер күдіктіні «азаптап» өлтірді ме?.
Полицейлер күдіктіні «азаптап» өлтірді ме?

Қазақстанда соңғы күндері полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты оқиғалар жиілеп кетті. Кеше түнде Жамбыл облысында есірткі сатты деген күдікке ілінген тәртіп сақшыларының ұсталғаны белгілі. Одан бұрын Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылындағы полиция бөлімінде күдікті қайтыс болып, азаптау дерегі бойынша іс қозғалды. Осы оқиғадан кейін өңірдегі полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев Мақаншыға аттанып, жағдайды өз бақылауына алды. «Үржар ауданында мал ұрлады деген күдікпен ұсталған 33 жастағы ер адамның қайтыс болғаны расталды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Сағат Мәдиев ауданға арнайы барды», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Қазір бұл оқиғаға қатысты арнайы топ құрылып, департаменттің өзіндік қауіпсіздік басқармасы азаптау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу, тексеру жұмыстарын бастады, процессуалдық прокурорлар тобы тағайындалды.
«Бұл оқиғаның мән-жайы мұқият тексеріледі. Тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Мен Үржар ауданының әкімімен бірге марқұмның туыстарына барып, оның достары мен жақындарының дәйектемелерін тыңдадым. Оларға қайғыра көңіл айтамын. Кінәлілер сөзсіз заңды жазасын алады. Менің ұстанымым – объективті әділ тергеу», – деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев өз мәлімдемесінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.