23-11-21 |
2520 рет қаралған
Семей тұрғыны желіден құжатының суреті жарияланған 320 адамның атына несие рәсімдеген.
Семей тұрғыны желіден құжатының суреті жарияланған 320 адамның атына несие рәсімдеген

Семей тұрғыны 320 адамның атынан микронесие рәсімдеген. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ер адам әлеуметтік желіден құжаттардың жоғалғаны жайлы хабарламаларды тауып, сол арқылы несиеге өтінім берген. 

Күдікті Атырау облысында қолға түсті. Ал қарызға батқан азаматтар бұл туралы банктен хабарлама келгенде бір-ақ білген. 

«Қазіргі уақытта жалпы 10 миллион теңгеден аса шығын келтірген 320 азамат анықталды», – деп хабарлады ІІМ қылмыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.