20-01-20 |
2140 рет қаралған
ШҚО: Алтай ауданындағы 11 ауылды су басу қаупі төніп тұр.
ШҚО: Алтай ауданындағы 11 ауылды су басу қаупі төніп тұр

ШҚО, Алтай ауданындағы 11 ауылды су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі УК-ньюс сайтына сілтеме жасап.

Қауіпті аумаққа Алтай қаласы және ондағы 11 учаске кіреді. Бұл дегеніміз 925 үй мен 2102 тұрғын.

Аудандағы су басуы мүмкін учаскелер: Алтай қаласы, Путинцево, Быково, Парыгино, Малеевск, Соловьево, Чапаево, Снегирево, Баяновск, Первороссийское, Зубовск және Тұрғысын кенті.

– Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандағы кәріз құдықтарын, өзендерді, бұлақтарды, арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді, – дейді аудан әкімі аппаратының аумақтық қорғанысты қалыптастыру басқармасының арнайы тобының жетекшісі Алтай Амангелді Тымбаев.

Қазірдің өзінде жауапты тұлғалар тұрғындарды эвакуациялаудың сызбаларын пысықтап жатыр. Тіпті жануарлар үшін де қауіпсіз аймақты қарастырып қойған.

Айта кететін жайт, 2019 жылы бір километр өзен арналары мен 34 километр арық тазартылған. Су тасқынын болдырмау мақсатында 85 кәріз құдығы қазылып, 24 көпір дайындалған.

Қаңтар айында аудан әкімдігі мұз жару жұмыстарына 45 миллион теңгеге өтінім беруді жоспарлап отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.