21-04-21 |
1550 рет қаралған
ШҚО-да жетімдерге бөлінген қаржының қалай тоналғаны белгілі болды.
ШҚО-да жетімдерге бөлінген қаржының қалай тоналғаны белгілі болды

ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері балалар үйінде бюджет қаржысының қалай тоналғанын баяндады. Анықталғандай, өңір дәрігерлері денсаулық сақтау саласына бөлінген мемлекет ақшасын бақыламаған.

ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысы Ерлан Жалмағамбет «Өскемен қаласының мамандандырылған балалар үйі» КМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде бюджеттік қаражатты бірнеше рет ұрлау фактісі болғанын баяндады.

Балалар үйінің лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде үнемі тонап келген. Олар өздеріне ірі көлемдегі жалақы, іссапар шығыстарын негізсіз есептеп, ақшаны бір ЖШС-нің шотына негізсіз аударып отырған.

«Сонымен қатар, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының жауапты тұлғалары бюджеттік қаражаттың жұмсалуы бойынша кәсіпорынның жұмысын бақыламаған, бұл туралы аталған ведомствоға қарасты мекемеде тексерістердің болмауы куәландырады», – деді ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.