Біздер жылда жазып, шенеуніктер жылда тапсырма берсе де көмірдің жыры бітетін емес. Биыл да сол. Бірі бәрі бақылауда деп басу айтса, бірі қызылкеңірдек боп кезек күтудің азабын айтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Ол жылда болған. Бола береді де. Көрші аудандардан келетін алыпсатарларға келме дей алмаймыз. Биыл ажиотаж жоқ.Адам өлді деген де жалған ақпарат. Көмір кестеге сай үздіксіз келіп жатыр, -дейді бүгін көмір басына барып, ондағы жағдаймен танысқан қала әкімі Жақсылық Омар.
Ал көлік иелерінің жартысы кезек мәселесін шешу үшін қалаға екі емес, бірнеше «тупик» қажет десе, тағы біразы көмір уақытылы жеткізілуі керек деген пікірде.
– Әрине, көмірді екі-ақ жерден аламыз. Содан кезек пайда болады.Самар, Ұлан, Таврия… бәрі осында келеді.Егер көмір қаланың бірнеше жерінде сатылатын болса, мұндай болмас еді,-дейді Айбек Хамзин.
– Күніне кейде 4-5 вагон келеді. Кейде 15-і келеді.Мүлдем келмейтін күндер де болады. Егер бір тупикке ғана 20 вагон жеткізіліп тұрса мына кезек жарты-ақ күнде жоқ болар еді. Мәселе көмір дұрыс келмейді. Сол,-дейді Мерхат Баймағамбетов.
Дереккөз:altaynews
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
21.11.2024