14-05-20 |
1580 рет қаралған
6 ауылдағы 215 үйдің ауласына су кірген.
6 ауылдағы 215 үйдің ауласына су кірген

фото: otyrar.kz

Түркістан облысының Төле би ауданында 13 мамырда толассыз жауған жауын-шашыннан өзен суларының деңгей көтеріліп, 6 елді мекендегі 215 тұрғын үйлердің ауласына су кірген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Селден зардап шеккен аумақтарды аралап жүрген Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрыс болды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үй құласа, өздерінің үшін қауіпті. Барлық аудандар көмекке келіп жатыр».

Төтенше жағдай жөніндегі комитеттің хабарына қарағанда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аудандарынан селден зардап шеккен 300 адам эвокуацияланған. Алайда, жауын-шашын 14 мамырда да жалғасатыны хабарланды. Түркістан облысының кей аумақтарында қатты нөсер, бұршақ жауатыны хабарлануда. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.