Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы kz 646 FNB 13 регион нөмірлі автобустағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 56 адамның нақты дерегі анықталып отыр. Көліктегі жолаушылар туралы толық ақпаратты Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Шақпақ бекетінің қызметкерлері 20 наурыз күні жазып алған. Қазіргі кезде аталған азаматтар оқшаулануға алынды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Наурыз айының 18 жұлдызынан бастап сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок- бекет қойылған болатын. Оның ішінде 31-і елдімекендерде, ал 4-і теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Аталған бекеттерде бүгінде 37 медициналық, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
-
17.11.2024
-
16.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024
-
15.11.2024