09-06-23 |
640 рет қаралған
XII жазғы Универсиада. Футзалдан жеңімпаздар анықталды.
XII жазғы Универсиада. Футзалдан жеңімпаздар анықталды

Барлығы 26 университет командасы қатысқан тартысты ойын нәтижесінде жартылай финалға төрт команда іріктеліп шықты.

Алғашқы кездесу Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті (Korkyt Ata University) мен Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University) арасында өтті.

Екінші ойында Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Abai University) мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (Zhubanov University) кездесті.

Жанкүйерлер асыға күткен финалға Yessenov University мен Abai University шықты.

Қорытынды ойын Abai University пайдасына шешілді.

Футзал ойындарының марапаттау рәсімінде жеңімпаз командаларға кубоктар мен медальдарды және дипломдарды Yessenov University президенті Берік Ахметов табыстады.

Сонымен жеңімпаздар реті мынадай:

I орын – Abai University
II орын – Yessenov University
III орын – Zhubanov University.

Arasha.kz

ФОТО: Yessenov University

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.