Алматылық «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лига чемпиондары тарихында гол соққан ең жас қазақстандық футболшы атанды. Ол осы жетістігі арқылы ел футболының жаңа тарауын ашты.
Алматылық команда төрт жыл үзілістен кейін алғаш рет Лига чемпиондарына жолдама алып, іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Словенияның «Олимпия» клубын қабылдады. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Кездесудің 59-минутында Сатпаев қарсылас қақпасына тамаша гол соғып, «Қайраттың» есеп ашуына себепкер болды.
Бұл ойын Сатпаев үшін тарихи сәт болды. Себебі, ол енді Лига чемпиондары тарихында гол соққан ең жас қазақстандық ретінде тіркелді. Бұған дейін мұндай жетістікке ешбір қазақстандық футболшы мұндай жастан ерте жете алмаған.
Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанында «Қайрат» Сәтпаевтың 2026 жылдың жазында Лондонның «Челси» клубына ауысатынын ресми мәлімдеген болатын. Ол 18 жасқа толған соң Англияға аттанады. Ал сол уақытқа дейін Қазақстанда ойын тәжірибесін жинақтай береді.
Жауапты ойын 15 шілде күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Жеңіске жеткен команда Лига чемпиондарының екінші кезеңінде Финляндияның КуПС немесе Молдованың «Милсами» клубымен кездеседі.
📹 Голдың видеосы: ФК «Қайрат»