Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Қазақстандық төрт боксшы әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты

Қазақстандық төрт боксшы әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты
Төрехан Сабырхан. Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық боксшылар халықаралық аренада тағы бір жетістікке қол жеткізді. World Boxing федерациясы жариялаған жаңартылған әлемдік рейтингте еліміздің төрт спортшысы өз салмақ дәрежесінде көш бастады. Бұдан бөлек, тағы алты қазақстандық боксшы алғашқы үштікке енді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, World Boxing халықаралық федерациясының жаңартылған тізімінде еліміздің ерлер және әйелдер құрамасының өкілдері жоғары нәтижелер көрсеткен.

Атап айтқанда, төрт қазақстандық спортшы өз салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілді.

Әлемдік рейтингте кімдер көш бастады?

World Boxing рейтингінде бірінші орынға жайғасқан қазақстандық боксшылар:

  • Санжар Тәшкенбай – 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесі;
  • Төрехан Сабырхан – 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі;
  • Наталья Богданова – 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі;
  • Айбек Оралбай – 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі.

Жаңартылған рейтингте тағы төрт отандасымыз екінші орынға тұрақтаған. Олардың қатарында Қазақстан әйелдер құрамасының белгілі өкілі Назым Қызайбай да бар.

Екінші орын алған спортшылар:

  • Назым Қызайбай – 48 келіге дейін;
  • Махмұд Сабырхан – 55 келіге дейін;
  • Алуа Балқыбекова – 51 келіге дейін;
  • Аида Әбікеева – 65 келіге дейін.

Бұл көрсеткіш қазақстандық боксшылардың бірнеше салмақ дәрежесінде әлемдік үздіктер қатарында екенін аңғартады.

World Boxing рейтингінде тағы екі қазақстандық спортшы үшінші орынға жайғасты. Олар – 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрбек Оралбай және 80 келіден жоғары салмақтағы Дина Исламбекова. Оның төртеуі бірінші, төртеуі екінші, ал екеуі үшінші орында тұр.

Әлемдік ТОП-10 қатарына тағы кімдер енді?

Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да рейтингте жоғары орындарға тұрақтаған. World Boxing жариялаған мәліметке сәйкес, алғашқы ондыққа мына боксшылар енді:

  • Сабыржан Аққалықов – 75 келіге дейін, 4-орын;
  • Нұрбек Оралбай – 80 келіге дейін, 4-орын;
  • Надежда Рябец – 80 келіге дейін, 4-орын;
  • Оразбек Асылқұлов – 60 келіге дейін, 6-орын;
  • Виктория Графеева – 60 келіге дейін, 6-орын;
  • Елдана Тәліпова – 80 келіден жоғары, 7-орын;
  • Ертуған Зейнуллинов – 65 келіге дейін, 9-орын;
  • Сұлтанбек Айбарұлы – 85 келіге дейін, 9-орын;
  • Сағындық Тоғамбай – 90 келіге дейін, 9-орын;
  • Бақыт Сейдіш – 70 келіге дейін, 10-орын.