Қызылорда прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезінде тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталғандардың жартысын тергеу изоляторынан үйқамаққа шығарды. Олардың арасында әкімдікке басып кірген көпбалалы екі ана бар.
«Орын алған оқиғалардан кейін облыста 72 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде терроризм, кісі өлтіру, ұйымдастыру, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, қару ұрлау мен билік өкіліне күш қолдану деректері бар», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Мақсат Қазиев.
Жасалған қылмыстардың себептері мен анық-қанығын анықтау үшін бас прокурордың тапсырмасымен қылмыстық істер арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданады.
«103 адам күдікті деп танылып, олардың қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бұлтартпас дәлелдермен анықталды. 103 күдіктінің 63-і соттың санкциясымен қамауға алынды. Денсаулық жағдайы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, 40 адамға дереу басқа шаралар қолданылды. Прокурордың бастамасымен 18 күдіктіге, оның ішінде бір ауыр науқасқа және екі көп балалы анаға қатысты бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды», – деп қосты Қазиев.
Сондай-ақ Қызылордада тергеу кезінде заң бұзушылық әрекеттері бойынша 12 іс қозғалған. Осындай фактілердің алдын алу үшін прокурорлардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.
Прокуратының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін тергеу ісіне қатысушылардан 111 өтініш түсіп, олардың 77-сі қанағаттандырылған. Негізінен көп өтініштер қосымша сараптама тағайындау сонымен қатар жақын туыстарын заңды өкіл деп тану туралы түскен.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024