17-08-22 |
650 рет қаралған
Байқоңырда Ресей полицейін ұрған адам тергеуге алынды.
Байқоңырда Ресей полицейін ұрған адам тергеуге алынды

Байқоңырдағы кешеннің прокуратурасы 29 жастағы жергілікті тұрғынның үстінен билік өкіліне қол көтерді деп іс қозғады.

13 тамызда күдікті қоғамдық тәртіпті бұзу кезінде ұсталған және сол жерде полицияны ұрғаны, тергеу барысында анықталған. Оған қоса шабуылдаушы тәртіп сақшысына жеңіл дене жарақатын салды деп айыпталып отыр.

Айта кетсек, Байқоңырдағы тәртіпті қамтамасыз етумен Ресей Федерациясының полицейлері айналысады, ал Қазақстанның құқық қорғау органдары кешенде тек өкілдік ретінде қарастырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.