14-01-21 |
1730 рет қаралған
 Қызылордада жол апаты кезінде бес адам көз жұмды.
 Қызылордада жол апаты кезінде бес адам көз жұмды

Қызылорда облысында Құмкөл-Қызылорда тасжолында болған апат салдарынан бес адам қайтыс болды, тағы бесеуі ауруханада жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды.

«Сәрсенбі күні ҚұмкөлҚызылорда тасжолының 69 шақырымында Toyota Hilux және Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысты«, – деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі.

Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды.

Жол апатынан соң тағы бес адам ауруханада жатыр.

«Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Апатқа жол ережесінің бұзылуы себеп болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес («жол жүру ережесін бұзу») сотқа дейінгі тексеріс бастады.

Бұл бап бойынша жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сараптама тағайындалды, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.