21-04-21 |
1520 рет қаралған
Қызылордалықтар жұмыспен қамту орталығына терезеден кірді.
Қызылордалықтар жұмыспен қамту орталығына терезеден кірді

Қызылордада «Бастау» бизнес жобасына қатысуға ынталы топ жұмыспен қамту орталығына басып кірді. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті. Халық мекемеге терезеден кірген.

«Хабар 24» арнасының мәліметінше, жиналғандар «Бизнес бастау» жобасына қатысуға келген. Мал шаруашылығы, шаштараз және тағы басқа кәсіп ашуға бел буған азаматтар 26 сәуірден бастап 21 күндік оқу курсынан өтуі тиіс. Қала тұрғындарының жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмай отыр.

«Кәсіпкерлік қағидатын үйрететін оқуға бөлінген 535 жолдама дұрыс бөлінбей отыр», – дейді жұрт.

«Бастау» бизнес жобасына тіркеу шаралары 25 сәуірге дейін жалғасады. Ісін ашып, өркендетуге мүмкіндік беретін бағдарлама халық арасында кең қолдауға ие. Сұраныстың жоғары болуының тағы бір себебі – мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлікке оқытатын өзге жобалардың барлығы тоқтап тұр.

«Қарапайым халық құқығымызды қорғай алмай тұрмыз. Сыртта қауесет естіп жатырмыз. Мысалға 50 мың теңге берсең алып кетесің дегендей. Бізге ондай нәрсе керек емес. Бізге түсіндіріп айтылу керек, нақты мәлімет бере алмайды. Мемлекеттік қызметкер отырады, 17-18-19 үстелде бізді қабылдады. Бірақ нақты мәлімет ала алмаймы», – деді қала тұрғыны Мәлика Айдарова.

Жұмыспен қамту орталығында бюджеттен қосымша қаржы сұрап, жолдама санын арттыру қарастырылатынын хабарлады.

«Халық бір мезетте алғанды дұрыс көреді. Соған байланысты шамалы кезектілік саны артқаны рас. Бірақ біз 535-пен шектеліп қалмаймыз. Әрі қарай да жоғарғы органдарға халықтың саны артқандығын білдіріп, қосымша бюджеттен қаржы сұрап, жолдама санын арттыруға жұмыс жасайтын боламыз», – деді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақсылық Төлегенов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.