05-07-19 |
2330 рет қаралған
Қырымбек Көшербаев Қызылорданы көгертті ме?.
Қырымбек Көшербаев Қызылорданы көгертті ме?
  • Маусым айы елімізде саяси оқиғаларға толы болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадр өзгерістерін жасады. 28 маусым күні мемлекет басшысының жарлығымен Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
  • Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысының әкімі болған кезде өңдеу өнеркәсібі бойынша өсімді сақтай білді, инвестиция тарту, құрылыс жұмыстары мен жұртшылыққа баспана беру іске асты. Мұның барлығы 6 жылдан бері өңірдегі мұнай мен газ өндіру мөлшерінің төмендегеніне қарамастан жасалды. Оның үстіне, өңір жаһандық бәсекеге қауқарлы жиырмадан астам тауар түрін экспорттап келеді, олардың біразы әлемдегі экспорттаушы елдердің топ-5-не кіреді.
  • Қызылорда облысы әрқашан өңір халқын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және ауызсумен қамту мәселесін бірінші орынға қойған. Бұған қоса аймақтағы негізі капитал инвестицияның өскені байқалады. Облыс экономикасына 1,7 трлн теңге шамасында тікелей инвестиция тартылған. Тек соңғы 2018 жылы инвестиция мөлшері 25,5% өскен, оның ішінде өңдеу саласында 37,6%. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі өсім мөлшері 2 есе артқан. 2013 жылдан бері 71 жаңа өңдеу зауыты іске қосылған. Нәтижесінде облыс инвестиция мөлшерінің өсімі бойынша үздік үштікке енген.
  • Соңғы 6 жылда облыста 69 100 жаңа жұмыс орны ашылған, оның 60 098 тұрақты жұмыс. Көшербаев жұмыссыздық деңгейін 5,2%-дан 4,8% дейін төмендете білді. Соңғы бес жылдан бері бұл деңгей елдегі орташа көрсеткіштен аспаған, бұл оңтүстік өңір үшін маңызды жетістік. 2017 жылы апатты баспана мәселесі шешілген. 2013 жылдан бері 645 отбасы апаттық пәтердің орнына жаңасын алған, олардың көпшілігі апатты себеппен кезекте тұрғандар. Сондай-ақ өңірдегі көпбалалы отбасылар да баспанамен қамтылған. Осы жылы әкімшілік Болат Өтемұратовтың қорымен 100 пәтерлі 50 үй тұрғызу жөнінде меморандум жасасқан. Олар осы жылдың 1 маусымынан бастап пайдалануға беріле бастады. Оған қоса жергілікті бюджет есебінен 50 пәтерлі 25 үй салу жоспарлануда. Аз қамтылған отбасыларды қолдау мен қорғау саласында да жақсы көрсеткіштер бар. Облыстың мәліметінше, 26 мың оқушы ыстық тамақпен қамтылған, 18 мыңдайы киіммен, 10 мыңнан аса оқушы жыл сайын сауықтыру санаторилеріне жіберіледі. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардың студенттері үшін 50 пайыздық жеңілдік жасалған, 900-ге жуық аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар облыс әкімдігінің грантына ие болған.
  • Өңірде апатты мектеп мәселесі шешіліп, жаңадан 37 мектеп тұрғызылған. 2015 жылы «Балапан» бағдарламасы мерзімінен бұрын іске қосылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды тәрбие мен біліммен қамтамасыз ету 100% қамтылған. «Серпін» бағдарламасымен 4 мыңнан аса қызылордалық мектептің түлектері елдің солтүстігіне оқуға кеткен. 2013 жылдан бері аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін әкімдіктің гранты тағайындалған, ол әсіресе ауылды жердегі балаларға берілуде. Бүгінгі таңда сондай грантты 900 дей бала иеленген.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.