Жамбыл облысына қарасты Қаратөбе ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылды. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халыққа есеп беру кездесуінде хабарлады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қаратөбе ауылы әкімінің жұмысын Бектөбе ауылының тұрғындары сынға алған.
– Тұрғындардың біздің жұмысымызға беретін бағасы аса маңызды. Алға қойылған міндеттерді орындай алмаған әкімдер жауапкершілікке тартылады. Мәселен, Бектөбе ауылының тұрғындары есеп беру кездесуінде Қаратөбе ауылдық округі әкімінің жұмысын сынға алған болатын. Нәтижесінде ол қызметінен босатылды, – деді Б.Сапарбаев.
Аймақ басшысы ел Президентінің тапсырмасына сәйкес халықпен тиімді кері байланыс орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға баса тоқталды.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024