Ақтөбе облысында жол құрылысына бөлінетін бюджет бұл мемлекеттің миллиардтаған қаражатын таңдалған компанияларға бағыттайтын жақсы жолға қойылған механизмге ұқсайды. Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың сәуір–мамыр айларында Ақтөбе облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 6,1 млрд теңгеге 13 тендер өткізген. Олардың барлығы дерлік формалды бәсекемен немесе мүлде бәсекесіз өткен.
BERTYS CONSTRUCTION: 4,3 млрд теңге — ешқандай бәсекесіз
KD-3 («Шұбарқұдық–Ырғыз–Қобда–Соль-Илецк») трассасына қатысты екі ірі тендерді Астанада тіркелген «BERTYS CONSTRUCTION» ЖШС ұтып алған. Екі тендер де:
Лот № | Сома (₸) | Қатысушылар |
---|---|---|
73949341-ОК3 | 2 156 950 553 | 1 |
77636125-ОК3 | 2 215 627 929 | 1 |
Бәсекелес болмаған. Ең сорақысы, бұл компанияда жол құрылысына қажетті лицензия жоқ. ОКЭД бойынша олардың негізгі қызметі — су құбырларын салу.
«BERTYS»-тің артында кім тұр? Жанболат Надыров
- Бұрынғы «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы
- «Нұрбанктың» бұрынғы топ-менеджері. Банк Нурали Әлиевпен яғни Назарбаевтың немересімен байланысты
- «Каспийан Инвест Групп», «Орда Group», «Zere Invest», тағы басқа ондаған компаниямен байланысы бар.
Қорытынды: лицензиясы жоқ компанияға 4,3 млрд теңге бөлінген. Ал оның құрылтайшысы — бұрынғы элита өкілдерімен тікелей аффилиирленген тұлға.
Фиктивті бәсеке: тәжірибесі жоқ компания жеңіп шықты
Тендер №77652098-ОК1 — 46,2 млн теңгеге — күмән тудырады. Жеңімпаз — «ИнноватСтрой» ЖШС конкурсқа дейін бар болғаны 3 ай бұрын құрылған.
- Тәжірибесі мен қолданыстағы келісімшарттары жоқ
- Бар болғаны 39 320 теңге салық төлеген
- Қаржылық тұрақтылығы жоқ
- ОКЭД бойынша — жол салу емес, тұрғын үй салу айналысады.
«REGION-04 Service» компаниясы тұрақтылық көрсеткіші бойынша 25 ұпай жинаған, бірақ… 0,1 теңгеге жеңілген.
Ал конкурста жеңілген компаниялардың тәжірибесі бар, техникасы бар, бірақ мөрдің сканы, «дұрыс емес компрессор» секілді ұсақ себептермен шеттетілген.
«Жалаугер-НС»: бір ғана қатысушы, миллиардтық келісімшарттар
Жүйелі түрде ірі тендерлерді ұтып жүрген компания — «Жалаугер-НС» ЖШС. 2025 жылы — 79,7 млн теңгеге тендер ұтып алған. Тағы да бір ғана қатысушы.
Компания иесі: Қобыландин Мұрат Жаңабайұлы (1991 ж.т.) деп көрсетілген
- Әкесі — марқұм Жаңабай Қобыландин, бұрынғы «ҚазАвтоЖол» Ақтөбе филиалының басшысы
- Ағасы — Сәлім Нағым — «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директорының орынбасары, бұған дейін — «ҚазМұнайГаз» пен Энергетика министрлігінде істеген
- Екінші ағасы — Данияр Қобыландин — «Көкпардың дүниежүзілік қауымдастығы» директоры
Компания жеңіп алған келісімшарттар (Kompra.kz деректері):
Жыл | Сома (₸) | Тәсілі | Түсініктеме |
---|---|---|---|
2025 | 79,7 млн | Бір қатысушы | Трассаға күтім |
2024 | 894 млн | Тендер | Жолдарды күтіп ұстау |
2022 | 456 млн | Тендер | Қарағанды қ. |
2022 | 142 млн | Тендер | Шалқар ауданы |
2022 | 78 млн | Тендер | Нұр-Сұлтан |
… | … | … | Ондаған келісімшарттар |
Қорытындылар:
- Аффилиирленген тұлғалар + бәсекенің жоқтығы = миллиардтар бір қолға
- Барлық тендерлерде формалды түрде заңды, бірақ бәсеке жоқ
- Жеңімпаздар лицензиясыз, тәжірибесіз, бірақ «керекті адамдармен» байланысы бар болуы мүмкін
- Жеңілгендер тәжірибелі, бірақ жүйеге сай келмейтін компаниялар
- Басты бенефициарлар — ұлттық компаниялармен, элитамен байланысы бар ұйымдар.
Кім жауап береді?
- Ақтөбе облысының әкімі — Асхат Шахаров
- Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы — Айбек Кайер
Жергілікті билікке сұрақтар:
- Неге дәл осы компаниялар жыл сайын миллиардтаған тендерді ұтып алады?
- Неге тендерлік талаптар нақты бәсекелестерді шеттетеді?
- Неге жол салу тендері «Нұрбанк», «QazaqGaz» және «Транстелеком» сияқты құрылымдармен байланысты адамдарға беріледі?
📌 Оқуды ұсынамыз: