04-12-19 |
540 рет қаралған
Адвокат үкіметті сотқа берді.
Адвокат үкіметті сотқа берді

Қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов әріптестерімен бірге бензин бағасына акциздің өсуіне қарсы сотқа арыз берді. Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

– «Бүткіл ел бензин бағасына акциздің 10 теңгеге өсуіне қарсы. Бұдан барлық тауарлар мен қызмет көрсетуде бағалар өсетінін бәрі біліп отыр. Өмір сүру қымбаттайды!
Бірақ өз құқығың үшін күресу үшін оны тек әлеуметтік желіде талқылаған аздық етеді, әрекет ету керек»! -дей келе адвокат әріптестерімен Ұлттық Экономика министрлігіне қарсы сотқа арыз бергендерін айтып, акциздің көтерілуі заңсыз екеніне бірнеше себеп келтірген.

– «1. ҰЭМ мәлімдеуінше, акцизді көтеру өздерінің әлде бір есептеулеріне негізделген. Ондай есептеу жүргізілгеніне біз қатты күмәнданамыз. Тіпті жүргізілген күннің өзінде, ол заңсыз, себебі заңда мұндай есептеулер қарастырылмаған.
2. ҰЭМ акцизді көтерудің мақсаты ЖЖМ-ның (жанар-жағар май материалы) жаппай көрші елдерге әкетілуіне қарсы және баға балансын сақтау деп мәлімдеді. Сондай-ақ біз мұндай сұрақтарды акциз арқылы шешу де заңда қарастырылмаған деп есептейміз. Сосын ертең қандай да бір өз сұрақтарын шешу үшін акцизді күнде көтере берер.
3. Заң бойынша егер акциздерді өсіруге шешім 1 желтоқсанға дейін қабылданса ғана 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап акциздерге жаңа ставка қоюға болады. Біздің білуімізше акциздер бойынша қаулыға қол  1 желтоқсаннан кейін қойылды немесе қойылады. Ендеше 1 қаңтардан бастап ешқандай акциз енгізе алмайды», -деп жазады заңгер Жангелді Сүлейменов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.