01-06-21 |
600 рет қаралған
АҚШ-тың әуе күштерінде ескі техника көбейді.
АҚШ-тың әуе күштерінде ескі техника көбейді

Әлем елдеріндегі жоғары технологиялық мүмкіндіктерге анализ жасағаннан кейін АҚШ қорғаныс министрлігі F-35A көп мақсатты жойғыш ұшақтары мен ұшқышсыз ұша алатын MQ-9 Reaper барлау-соққы жасау аппараттарын жарамсыз деп тануға мәжбүр.

АҚШ-та бесінші буынға жататын F-35 жойғыш ұшақтары туралы қызу талқы тоқтар емес. Біраз бұрын АҚШ әскери әуе күштері жобаның сәтсіздігін мойындап, үкіметтік шенеунік Дэн Грейзер бұл әскери техниканы жаппай өндіріске шығарылған ең қымбат прототип деп атады. Сондықтан бірінші модицфикациядағы F-35A жойғыштары қуатты қарсыласпен соғыс үшін жарамсыз деп танылды да, енді қарулану қатарынан алынып тастауы ықтимал. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазды.

Ал америкалық Reaper MQ-9 ұшқышсыз ұшу аппараты Ресей, Қытай, тіпті Иран мен Солтүстік Кореяның әуедегі шабуылдан қорғану құралдарын айналып өте алмайтыны үшін әскери-әуе күштерінің көңілінен шықпай отыр. Reaper ресми  түрде жарамсыз деп танылғаннан кейін Пентагон олардың ӘӘК-дегі санын арттырудан бас тартып, Калифорния штатындағы General Atomics өндірістік желісін жабуға 172 миллион сұрап отыр.

Штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли қарсыластың шекарасына басып кіре алатын платформалар, барлау және бақылау жүйелеріне инвестиция салу қажеттілігін атады. Жалпы АҚШ әскери-әуе күштерінде ескі техника жетерлік. Мысалы, мұнда әлемдегі ең ескі флот бар. Ұшақтың қолданылып келе жатқанына 28 жыл толады. Сол сияқты бесінші буынға жататын F-22 америкалық жойғыш ұшақтары 2030 жылы қарулану қатарынан шығарылады деп жоспарланып отыр.

Елдегі әскери-әуе күштері ескірген жүйелерден бас тарту туралы неше жылдан бері айтып келеді. Осы орайда 2022 жылға арналған бюджетті талқылау барысында 421 ескі жойғыш ұшақты тізімнен шығарып, оларды 304 жаңа техникамен алмастыру туралы Конгреске өтінім ұсынуды көздеп отыр.

Туындаған қауіп-қатерге жеткілікті деңгейде төтеп беру үшін АҚШ әскери-әуе күштеріне жыл сайын 6-7 миллиард доллар қосымша қарастырылуын талап етуде. Ақ үй сәуірде осы жылы қорғаныс саласына бөлінген 753 миллиард доллардың 717 миллиардын алатынын мәлімдеді.

F-35 Lightning II ұшақтары үшін  конструкторлар о баста-ақ өте қымбат әрі тексеруден өтпеген технологияларды қолданды. Бүгінде бұл аппараттан да бірқатар елеулі ауқаулар анықталып отыр.

Негізінде технологиялық тұрғыда қарапайым ұшу және қону мүмкіндіктері стандартты бұл F-35A алғашқы модификациялары күрделі әрі соғысу қабілеті төмен техника қатарына жатқызылды. Сондықтан Пентагон Lightning II төңірегіндегі проблемаларды шешудің бірнеше жолын қарастырып жатыр. Олардың қатарында ұшақты қолданыстан шығару немесе F-35A алғашқы модификацияларын одақтастарға пайдалануға беру секілді нұсқалар бар.

АҚШ әскери-әуе күштері MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алудан бас тартып отыр. Таяу Шығыстағы Пентагон операцияларына жетекшілік ететін теңіз жаяу әскерінің генералы Кеннет Маккензи MQ-9 жаудың техникасына қарсы тұра алмайтынын айтты. Сондықтан әскери-әуе күштері 2030 жылға қарай MQ-9 аппараттарын толық алмастыруды қарастырып жатыр. Ал аталған техниканы өндіруші General Atomics өкілдері MQ-9-дың модернизациялық әлеуеті жоғары деп, оны эксперименттерге арналған мінсіз платформа екенін алға тартуда.

Еске салсақ, MQ-9 Reaper 2007 жылы қарулану саласына берілген болатын. Ол соққы жасауға арналған Predator ұшқышсыз ұшу аппаратының орнын басты. Осылайша 2009 жылдан бері Иран, Пәкістан, Йемен секілді бірқатар елде «Әл-Каида»* нысандарының көзін жою бойынша қызу қызметке кіріскен. 2021 жылдың көктемінде дәл осы аппарат барлау мен бақылау жүргізу үшін Румыния, Польша мен Эстонияда пайда болды. Жалпы MQ-9 Reaper әуедегі шабуылға қарсы тұратын жүйелері жоқ көтерілісші-жихадшылармен күресуге арналған техника. Сондықтан ол озық технологиялармен жабдықталған ӘШҚ жүйесіне төтеп бере алмайды.

Әлем елдеріндегі жоғары технологиялық мүмкіндіктерге анализ жасағаннан кейін АҚШ қорғаныс министрлігі F-35A көп мақсатты жойғыш ұшақтары мен ұшқышсыз ұша алатын MQ-9 Reaper барлау-соққы жасау аппараттарын жарамсыз деп тануға мәжбүр.

АҚШ-та бесінші буынға жататын F-35 жойғыш ұшақтары туралы қызу талқы тоқтар емес. Біраз бұрын АҚШ әскери әуе күштері жобаның сәтсіздігін мойындап, үкіметтік шенеунік Дэн Грейзер бұл әскери техниканы жаппай өндіріске шығарылған ең қымбат прототип деп атады. Сондықтан бірінші модицфикациядағы F-35A жойғыштары қуатты қарсыласпен соғыс үшін жарамсыз деп танылды да, енді қарулану қатарынан алынып тастауы ықтимал.

Ал америкалық Reaper MQ-9 ұшқышсыз ұшу аппараты Ресей, Қытай, тіпті Иран мен Солтүстік Кореяның әуедегі шабуылдан қорғану құралдарын айналып өте алмайтыны үшін әскери-әуе күштерінің көңілінен шықпай отыр. Reaper ресми  түрде жарамсыз деп танылғаннан кейін Пентагон олардың ӘӘК-дегі санын арттырудан бас тартып, Калифорния штатындағы General Atomics өндірістік желісін жабуға 172 миллион сұрап отыр.

Штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли қарсыластың шекарасына басып кіре алатын платформалар, барлау және бақылау жүйелеріне инвестиция салу қажеттілігін атады. Жалпы АҚШ әскери-әуе күштерінде ескі техника жетерлік. Мысалы, мұнда әлемдегі ең ескі флот бар. Ұшақтың қолданылып келе жатқанына 28 жыл толады. Сол сияқты бесінші буынға жататын F-22 америкалық жойғыш ұшақтары 2030 жылы қарулану қатарынан шығарылады деп жоспарланып отыр.

Елдегі әскери-әуе күштері ескірген жүйелерден бас тарту туралы неше жылдан бері айтып келеді. Осы орайда 2022 жылға арналған бюджетті талқылау барысында 421 ескі жойғыш ұшақты тізімнен шығарып, оларды 304 жаңа техникамен алмастыру туралы Конгреске өтінім ұсынуды көздеп отыр.

Туындаған қауіп-қатерге жеткілікті деңгейде төтеп беру үшін АҚШ әскери-әуе күштеріне жыл сайын 6-7 миллиард доллар қосымша қарастырылуын талап етуде. Ақ үй сәуірде осы жылы қорғаныс саласына бөлінген 753 миллиард доллардың 717 миллиардын алатынын мәлімдеді.

F-35 Lightning II ұшақтары үшін  конструкторлар о баста-ақ өте қымбат әрі тексеруден өтпеген технологияларды қолданды. Бүгінде бұл аппараттан да бірқатар елеулі ауқаулар анықталып отыр.

Негізінде технологиялық тұрғыда қарапайым ұшу және қону мүмкіндіктері стандартты бұл F-35A алғашқы модификациялары күрделі әрі соғысу қабілеті төмен техника қатарына жатқызылды. Сондықтан Пентагон Lightning II төңірегіндегі проблемаларды шешудің бірнеше жолын қарастырып жатыр. Олардың қатарында ұшақты қолданыстан шығару немесе F-35A алғашқы модификацияларын одақтастарға пайдалануға беру секілді нұсқалар бар.

АҚШ әскери-әуе күштері MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алудан бас тартып отыр. Таяу Шығыстағы Пентагон операцияларына жетекшілік ететін теңіз жаяу әскерінің генералы Кеннет Маккензи MQ-9 жаудың техникасына қарсы тұра алмайтынын айтты. Сондықтан әскери-әуе күштері 2030 жылға қарай MQ-9 аппараттарын толық алмастыруды қарастырып жатыр. Ал аталған техниканы өндіруші General Atomics өкілдері MQ-9-дың модернизациялық әлеуеті жоғары деп, оны эксперименттерге арналған мінсіз платформа екенін алға тартуда.

Еске салсақ, MQ-9 Reaper 2007 жылы қарулану саласына берілген болатын. Ол соққы жасауға арналған Predator ұшқышсыз ұшу аппаратының орнын басты. Осылайша 2009 жылдан бері Иран, Пәкістан, Йемен секілді бірқатар елде «Әл-Каида»* нысандарының көзін жою бойынша қызу қызметке кіріскен. 2021 жылдың көктемінде дәл осы аппарат барлау мен бақылау жүргізу үшін Румыния, Польша мен Эстонияда пайда болды. Жалпы MQ-9 Reaper әуедегі шабуылға қарсы тұратын жүйелері жоқ көтерілісші-жихадшылармен күресуге арналған техника. Сондықтан ол озық технологиялармен жабдықталған ӘШҚ жүйесіне төтеп бере алмайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.