03-04-19 |
2670 рет қаралған
Астана вокзалын Нұр-Сұлтан деп қайта атауға бюджеттен ақша шығындалмайды екен.
Астана вокзалын Нұр-Сұлтан деп қайта атауға бюджеттен ақша шығындалмайды екен

Астана теміржол вокзалын Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы үкімет қаулысы ашық үкімет порталында қоғамдық талқылауға шығарғанын бұған дейін жазғанбыз.

Мәлім болғандай, Астана вокзалын қайта атауға бюджеттен қаржы шығындалмайды екен. Бұл туралы Қазақстан Республикасының  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің үкімет қаулысына түсіндірме жазбасында айтылады. Онда «Осы жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді» делінген.

Естеріңізге салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев наурыздың 20-да президент қызметіне кірісе сала Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп атауды және облыс орталықтарындағы басты даңғылдарға тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтыі атын беру туралы ұсыныс айтқан еді. Оның ұсыныстары іске асып, Астана Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгерді. Және облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге де Назарбаевтың аты берілді.

Н.Назарбаев наурыздың 19-да президенттік өкілеттілігін тоқтату туралы шешімін тікелей эфирде жария еткен еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.