09-06-19 |
11290 рет қаралған
Автоматпен қаруланған полиция Нұр-Сұлтанның бірнеше көшесін жауып тұр.
Автоматпен қаруланған полиция Нұр-Сұлтанның бірнеше көшесін жауып тұр

Қаруланған полиция Нұр-Сұлтандағы «Жастар» сарайы ауданын қоршауға алған және полиция күшінің жартысы автоматпен, дубинкамен қаруланған әрі қалқан ұстап, арнайы каска киген, – деп жазады ҚазТАГ.

Полиция күші Нұр-Сұлтандағы Сейфулин көшесінен Абай көшесіне дейін және Республика даңғылын толықтай жауып тұр. Ал «Жастар» сарайы маңында митингіге шыққан адамдар саны екі жүздей болса, полицияның саны одан бірнеше есе көп.

Бұған дейін ішкі істер министрі Марат Қожаев «Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы митингілер кезінде жүздеген адамның ұсталғанын растаған еді. Марат Қожаевтың айтуынша, азаматтар митингіге Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тіркелмеген және сот тыйым салған ҚДТ эстремистік ұйымының үндеуімен алаңдарға бірнеше жүздеген адам шықты» деп мәлімдеген еді.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың жаппай ұсталуына қатысты пікір білдірді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.